KZ
Өскемен
-14°
пасмурно жел 1 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Маңғыстаулықтар Ұлан ауданына көшуге ниет білдірді

31.03.2019, 18:46 317

Маңғыстау облысынан он шақты отбасы ШҚО-ның Ұлан ауданына көшуге ниет білдіріп отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Бұл туралы Ұлан ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы мәлімдеді.

 

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында Ұлан ауданына Қазақстан Республикасының жұмыс күші көп өңірлерінен 28 отбасы (101 адам) қоныс аударушылар көшіру жоспарлануда.

 

Бүгінгі таңда ауданға Алматы, Қызылорда, және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан 4 отбасы (6 адам) қабылданған.

 

Ағымдағы жылдың 27 ақпанында Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Нұржан Әбдікәрімов пен «Ұлан ауданының білім бөлімі» ММ басшысы Қуат Оқасовтан құрылған жұмыс тобы жәрмеңке өткізу үшін Маңғыстау облысына барды. Жәрмеңкенің мақсаты - еңбек күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету, аймақтық сәйкессіздіктерді және демографиялық теңгерімсіздіктерді жою мақсатында бос жұмыс орындары туралы ақпарат беру. Аталмыш бағдарлама аясында ерікті қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығы ынталандырылады.

 

Өткізілген жәрмеңкелер барысында Ақтау қаласында, Мұнайлы кентінде, Бейнеу кентінде 600 адам қамтылды. Жәрмеңке қатысушылары ауданның экономикасы, мәдениеті, тарихы мен бос егістік және суармалы жерлердің жағдайымен танысты. Қамтылған адамдардың ішінен 10 отбасы (25 адам) Ұлан ауданына көшуге ниет білдіріп отыр. Олардың көпшілігі вахталық әдіспен жұмыс істегісі келеді екен.

 

 

 

 

 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу