KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 1,1 м/с, В
479.38 531.63 5.27

Цифрлық гигиена жайлы онлайн мектеп ашылады

Фото: depositphotos.com

14.05.2024, 20:15 159 Айжанат Бақытқызы

Қазақстандағы 7-15 жас аралығындағы балаларға арналған заманауи дағдыларды қалыптастырудың алғашқы онлайн мектебі - Urpaq.Education 22 мамырда екі бейнекурсын іске қосады. Бұл сыни ойлау мен шешім қабылдау, сондай-ақ цифрлық гигиена және медиа сауаттылық курсы, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.                      

«Біз әр баланың қолынан гаджет түспейтін, технологиялармен бірге біте қайнасып, өсіп келе жатқан әлемде өмір сүріп жатырмыз. Urpaq Education мектебі өскелең ұрпақты тек технологияларды экологиялық тұрғыда таза пайдалануға ғана емес, сонымен бірге цифрлық кеңістікте қорғана білуге шақырады. Біздің миссиямыз – интернет кеңістігін қауіпсіз әрі түсінікті ету, балаларды фейк жаңалықтарды ажырата білуге, кибер алаяқтықтан аулақ болуға, алынған ақпаратты сыни бағалауға және уақытты дұрыс басқаруға үйрету», -дейді ұйымдастырушылар.

Urpaq Education мектебінің курстары 7-ден 15 жасқа дейінгі балаларға арналған әрі қазақ тілінде қолжетімді. Әр ата-ана  балаларына сапалы әрі қажетті білім беруге тырысады. Сондықтан бұл отбасылар үшін пайдалы контент.

Бағдарлама мазмұнын жетекші мамандар мен педагогтар әзірлеген.

«ЮНИСЕФ-тің «Kazakhstan Kids Online 2023» соңғы зерттеуіне сәйкес, қазақстандық балалардың жартысынан көбі, 14 жасқа дейінгі балалардың 40% астамы күн сайын тек ойын-сауық мақсатында онлайн отырады екен. Олардың үштен бірі кибербуллингке ұшыраған. Интернетте балаларға төнетін қауіп-қатер жыл сайын артып келеді, ал гаджеттерді пайдаланатын ұрпақ жасаруда. Көптеген ата-аналар үшін 2 жастағы баланың гаджетпен ойнап отырғаны қалыпты жағдай болып қалды», - дейді Urpaq Education негізін қалаушы Альбина Рамазан.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив