KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1,4 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Семейде Ораза айт мейрамы кеңінен тойлануда

7.08.2013, 18:00 144


Семейліктер Ораза айт мейрамын кеңінен тойлауда. Қаланың барлық мешіттерінде Айт намазы оқылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің мәліметіне сүйеніп.

Көп жамағат жиналған Орталық мешітте де құран оқылып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей өңірі бойынша өкіл имамы Мақсат Алтыбай Айт намазы, ислам дініндегі рухани-адамгершілік тәрбие жайлы уағыз айтты.

Семейде Ораза айт мейрамы кеңінен тойлануда«Он екі айда бір келетін, дініміздегі ең қасиетті мерекелердің бірі - Ораза айт мерекесімен шынжүректен құттықтаймын. Осынау ұлық мерекеде қасиетті Рамазан айында ұстаған оразаларыңыз, жасаған ғибадат-құлшылықтарыңыз бен қайырымды істеріңіз қабыл болсын деймін. Ораза айтта ренжіскен жандар татуласып, көптен көрмеген ағайындар бір-бірінің саулығын сұрасып, мұқтаждар қайырымдылыққа бөленіп, дертке шалдыққандарға Алла шипа берсін. Баршаларыңыздың отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, кәсіптеріңізге береке тілеймін», - деді Мақсат Қуанышұлы Айт намазына келген жамағатқа арнаған сөзінде.

Семейде Ораза айт мейрамы кеңінен тойланудаОраза айты үш күнге созылады. Мұсылмандар айт күндеріне үлкен мән береді. Айт күні мұсылмандар жетім-жесір, кембағал кісілерді сый-сияпат беріп қуантады. Үлкендердің, дос-жарандардың, таныстардың үйіне айттап барады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив