Балабақша ақысы қай қалаларда қымбат екені анықталды. Өскеменнің көрсеткіші көңіл көншітеді
Балабақша ақысы қай өңірлерде қымбат екені анықталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Energyprom.kz сарапшылары еліміздегі балабақша ақысына сараптама жасап көрді. Ең көп ақша төлеген өңірлер де анықталды.
Бірінші орында – Бас қала. Астана тұрғындары (бір баруы үшін) 1940 теңге төлеген. Одан кейін Алматы қаласы, 1686 теңге. Үштікті Ақтау түгендеп тұр. Бұл қалада балабақша ақысы – 1042 теңге.
Ал Өскемен бұл тізімде 12 орында. Шығыстың бас шаһарында балабақша құны – 719 теңге.
Сарапшылар Қазақстандағы мектепке дейінгі мекемелердегі қызмет көрсету бағасы бір жылда 0,5 пайызға төмендегенін айтады.
Оқи отырыңыз