KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 4 м/с, З
441.58 480 4.86

Қазақстан қалаларына Қытайдың "Алтын Айдаһарын" алдырып жатыр

15.03.2019, 04:25 132

Қытайдың Golden Dragon, яғни Алтын айдаһар атты автобусы Қазақстанда құрастырылатын болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Автобустар Алматыдағы Hyundai Trans Auto кәсіпорнында құрастырылмақ. «Астана Моторс» ЖШС баспасөз қызметкерінің айтысынша, жұмыс наурыз айының соңын ала басталады. Әрмен қарай бұл қытайлық көліктер дәнекерленіп, сырланады.

 

Кәсіпорын аталмыш көліктің түрлі модельдері шығарылатынын айтады. Бағасы 31,9 миллионнан басталады. Сөздеріне сенсек, қазіргі еліміздегі қала ішінде жүрген автобустармен салыстырғанда бұл баға арзан екен.

 

Қазірдің өзінде «айдаһарларға» Алматы мен Көкшетаудан тапсырыстар түсіпті. Астана, Шымкент, Петропавл қалаларымен келіссөз жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив