KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Нұрсұлтан Назарбаев даңғылына төртінші қабаттан секірмек болды – Өскемен

16.09.2019, 05:44 98

Өскемен тұрғыны көліктер ағылып жатқан Нұрсұлтан Назарбаев даңғылына секірмек болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Шатырдан секіргелі тұрған адам туралы ақпарды естіген кезекші әскерилер тобы дереу аталған мекенжайды бетке алды. Түрі еуропалықтарға келетін жігітті лейтенант Ермек Уәлиев сөзге тартып, тілін тапқандай болғанымен де ол райынан қайтпаған екен. Көліктер ағылып жатқан Нұрсұлтан Назарбаев даңғылына секірмек болып қайтадан тұра ұмтылды. Осы сәтте әскерлер ептілік танытып, жігітті ұстай алды. Сонда да бұлқынған жігіт, өзінің денесіне түрлі жарақат салды.

Ол күшпен полиция басқармасына жеткізілді. Енді бұл жігіттің ісімен полиция қызметкерлері айналысады. Аталған факт Қылмыстық кодекстің 1-тарау 105-бабы («Өзіне қол жұмсау») бойынша тіркелді.

Әзірге белгілі болған ақпаратқа сенсек, жігіт кездесіп жүрген қызымен ұрсысып қалғанға ұқсайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив