KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 3 м/с, ОБ
481.84 531.33 5.07

Көгалға көлік қойған жүргізушілерге айыппұл салынады

4.03.2019, 12:00 252

 

Биыл көктем кешікпей келіп, жер бетіндегі қар жамылғысы тез еруде. Қыс бойы темір тұлпарларына көгалдардың үстінен тұрақ жасап алған тұрғындар қар ерісе де, бұл әдеттерінен әлі айырыла алмай жатыр. Енді оларға айыппұл салуды бастайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Көлікті көгалға қою ауладағы тазалықты бұзып қана қоймай, жер жіпсіп тұрғанда топырақтың құнарлы қабатына аса ауыр зиян келтіреді екен.

 

Осыған орай полиция қызметкерлері көктемде арнайы рейдтер жүргізеді. Мұндай жұмыс көбінесе сәуір айларынан басталады. Алайда, тұрғындар шағымданған жағдайда, ережеге бағынбаған автомобильшілерге кез келген уақытта айыппұл салуға әзір.

 

Айта кетсек, айыппұлдың мөлшері  - 10 АЕК.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив