KZ
Өскемен
-19°
плотный туман жел 1 м/с, С
502.89 527.03 5.71

Өскемендегі автопарктердің бірі 9 жаңа автобуспен толықты

6.11.2022, 16:13 279 Оразай Жеңісұлы

Қалалық тасымалдаушылардың бірі автопарк толығып жатқанын хабарлады.

«Марат-М» ЖШС жаңа қоғамдық көліктерді бес бағытқа қояды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Біз «СемАЗ»-ден 9 жаңа автобус сатып алдық. Барлығы 2022 жылы шығарылған. Енді тіркеу номерін ала сала, жаңа қоғамдық көліктерді бес бағыт бойынша шығарамыз», - деп нақтылады компания.

«Марат-М» ЖШС ақпаратына сүйенсек, автопаркте осыған дейін сатып алынғандарды қосқанда 2022 жылғы 14 автобус бар. Сондай-ақ 2018 және 2020 жылдары шығарылған көліктер де бар көрінеді.

«Бізде барлығы 65 автобус бар. Автопарктің тең жартысын жаңарттық. Бұл жұмыс жалғасын табады. Жаңа жылдан кейін зауыттан тағы 10 автобус сатып алуға өтінім беріп қойдық», - деп мәлімдеді компания.

Естеріңізге сала кетейік, «Марат-М» ЖШС № 7, 26, 32, 38 және 47 маршруттар бойынша қызмет көрсетеді.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу