Өскемен орталығындағы бағдаршамдар өшіп тұр

Бағдаршамдар тек түстен кейін қосылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімінің ақпаратына сүйенсек, Абай даңғылындағы және Назарбаев 8/1 мекенжайына жақын жердегі бағдаршамдар апаттық жағдайға байланысты сөндірілген.
«Мамандар қуат кабельдерін ауыстырып жатыр. Шамамен сағат 13:00 кезінде бағдаршамдар іске қосылады», - деп мәлімдеді бөлім қызметкерлері.