Өскемен: Алматы трассасына шығатын жол тексерілді

шартты сурет
Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығының реконструкцияланған нысандарына тексеру жүргізді.
Мәселен, Жібек жолы көшесінен Атығай асуы арқылы «Алматы – Өскемен» трассасына шығатын тасжол тексерілді.
Басқарма өкілдері мердігер ұйыммен жолды қыс мезгілінде күтіп ұстау, айналма жолды көктайғаққа қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізу және қар күрейтін техника жұмысын ұйымдастыру шараларын талқылады.
Сондай-ақ жауапты ұйымға көлік жолдарын уақытлы қалыпқа келтіру жөнінде бірқатар ұсыныс берілді.
Оқи отырыңыз