KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Adal партиясы қызметін тоқтатты

Фото: inbusiness.kz

26.12.2022, 16:06 422 Мадина Амангелдіқызы

Қазақстандағы Adal партиясы өз қызметін тоқтатуға құжат тапсырды.

Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

"Азаматтық кодекстің 45-бабына сәйкес 20 желтоқсан күні " Amanat" партиясы" қоғамдық бірлестігіне қосылу жолымен қайта ұйымдастыруға байланысты "Adal" саяси партиясы" қоғамдық бірлестігі қызметінің тоқтатылуына тіркеу жүргізілді. "Adal" саяси партиясы" қоғамдық бірлестігінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 2 кезектен тыс съездінің хаттамасы, "Amanat" партиясы" қоғамдық бірлестігінің 2022 жылғы 26 сәуірдегі кезектен тыс ХХІІІ съездінің хаттамасы заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын тіркеуге негіз болды", - делінген ведомствоның  баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетсек, фракция 2013 жылғы 26 сәуірде "Әділет" және "Руханият" партияларының бірігуі нәтижесінде тіркелген болатын. Осы жылдың 26 сәуірінде Adal басқарушы Amanat партиясына қосылды.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 6 саяси партия тіркелген:
Amanat партиясы;
"Ақ Жол" Қазақстанның демократиялық партиясы;
Қазақстан Халық партиясы;
"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия;
"Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу