KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 2 м/с, СШ
443.37 474.49 4.83

Балаларға арналған Қазақстан ішіндегі саяхат туралы кітап шықты

27.12.2022, 18:00 489 Мадина Амангелдіқызы

Қазақстанда балаларға арналған “Дала сыры, тау жыры” кітабы жарық көрді.

«Алмалы кітапхана» кітапханасында бастауыш сынып оқушыларына арналған балалар кітабының тұсаукесері және оқылуы өтті. Шараға жинақ авторлары мен танымал қоғам қайраткерлері қатысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

“Дала сыры, тау жыры” кітабы – Étage дизайн студиясының “Шеврон” компаниясымен серіктестікте құрған әлеуметтік жобасы. Қазақ және орыс тілдеріндегі бүкіл тираж қоғамға ашық қол жетімді болуы үшін Қазақстанның ірі кітапханаларына, елдің галереялары мен мәдени орталықтарына таратылады.

 “Шеврон” компаниясының әлеуметтік инвестициялар жөніндегі кеңесшісі Лейла Айтмұханованың айтуынша, компания үшін Қазақстанның жас оқырман, білімпаз буынын дамытуға үлес қосу өте маңызды.

“Бүгін серіктестерімізбен бірге мақтанышпен ұсынып отырған кітабымыз – Қазақстан ішінде ертегі кейіпкерлерімен бірге саяхат, таулар мен өзендерді, дала мен көлдерді шарлау, адамның мейірімділігінің ғажайып көрінісі.  Балалар мен ересектер осы кітапты ашып, табиғатымыздың әсемдігіне тамсанып, оның нәзіктігін, ең бастысы, осы табиғат алдындағы біздің жауапкершілігімізді түсінгенін қалаймыз. Бұл шара – Қазақстан қалаларындағы оқу мен кездесулердің ең алғашқысы, және осы кітап өз оқырманын табады деп сенеміз”, – деді Лейла Айтмұханова.

Қазақстандық авторлардың оқиғалар жинағы мектеп алды, бастауыш мектеп оқушыларына және олардың ата-аналарына арналады.  Жинақтың мақсаты – Қазақстан табиғатының әралуандылығын және байлығын көрсету, қазіргі заманмен сабақтастыра отырып, жергілікті мәдениет пен дәстүрді тереңінен таныту. Бұл кітап жас оқырмандарды елді аралауға, контурлы картаға географиялық және жеке жаңалықтарын белгілеуге шақырады. Кітаптағы оқиғалар Қазақстанның әртүрлі табиғи аймақтарында өтеді және оқырманмен бірге “өседі”, ең бірінші ертегілері бүлдіршіндерге қызық болса, соңғы оқиғалардағы кейіпкерлердің мінездері және оқиға желісі күрделеніп, жасы үлкендеу балалардың қызығушылығын оятады.

 Оқиғаларды жеті автор әзірледі: Гүлмира Құсайынова, Елена Клепикова, Ксения Земскова, Майя Акишева, Нұрайна Сәтбаева, Сима Омарқұлова және Тоня Шипулина. Жинақ авторлардың дауысын жеткізу құралы сияқты болып шығарылды және оған қатысуға Қазақстанда және шет елде шығармалары жарық көріп жүрген танымал жазушылар, және оқиға жазу жаңа тәжірибе болған редакторлар мен жас авторлар шақырылды.

 Кітап иллюстраторы - балалар кітабы графикасында тәжірибесі мол суретші Дарья Мороз. Оның жұмыстарының стилистикасы әңгімелерге мейірімді көңіл күй сыйлайды, жергілікті мәдениет пен табиғаттың ерекшелігін көрсетеді. Иллюстрациялары фактуралы, егжей-тегжейлі, акварельді суреттерді пайдаланып, цифрлық форматта жасалған. Олар мәтінмен үйлесіп, толықтырып, оқырманға әңгіменің желісіне енуге көмектеседі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив