KZ
Өскемен
-19°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.69 522.23 5.79

ШҚО – мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша көшбасшылардың бірі

30.12.2022, 15:11 512 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік-жекешелік әріптестік және концессия шарттарының саны бойынша ел өңірлері арасында көшбасшылардың бірі.

МЖӘ бойынша іске асырылатын жобалар азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартып қана қоймай бюджетке түсетін жүктемені айтарлықтай төмендетеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Жоспарлаудан бастап іске асыруға дейінгі кезеңдерде бюджетке түсетін инвестициялық жүктемені төмендету мақсатында 82,5 млрд теңгеге 147 МЖӘ жобасы әзірленді, оның ішінде 35 млрд теңгеге 114 жоба бойынша шарт жасалып қойды. Қазірдің өзінде бюджеттен төлем талап етпейтін «Сергек» және қоғамдық көлікті электронды билеттеу жүйелері енгізілді, 865 орындық 4 балабақша, мектеп жанындағы балалар лагері және 41 мектеп асханасы жаңғыртылды. Глубокое кентінің қазандығын жөндеу аяқталуға жақын. Сондай-қа Өскемен қаласында 5 балабақша салу ісі аяқталу сатысында, - деді ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингі барысында.

Спикердің сөзіне сүйенсек, облыстың Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкімен ынтымақтастығы артады. Сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, көшелерді жарықтандыру және қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша 23 млрд теңгеге 5 жоба бойынша шарттар жасалған.

– Біз қалалар мен ірі аудан орталықтарын жылумен жабдықтауды жаңғырту бойынша одан әрі ынтымақтастыққа мүдделіміз. Бізге энергияны үнемдеу және процестерді басқару бойынша заманауи технологиялар қажет. Мәселен, көше жарығымен орнату (10 мыңнан астам қондырғы) бойынша қосымша жұмыстар жүргізу жоспарлануда: облыс орталығында, 5 моно және 6 шағын қалада (Риддер, Алтай, Серебрянск, Зайсан, Шемонаиха), сондай-ақ 12 ауылдық елді мекенде (Марқакөл, Катонқарағай, Таврия және Бозанбай).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу