Өскеменде ауа сапасы нашарлайды
Облыс орталығында екінші дәрежелі қолайсыз метеожағдай қалыптасады.
Төтенше жағдай департаментінің өкілдері ескерту жасады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«11 қаңтарда сағат 21:00-ге дейін Өскеменде, сондай-ақ Риддер қаласында екінші дәрежелі ҚМЖ қалыптасады» - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД.
Мамандардың айтуынша қолайсыз метеожағдай ұзақ кезеңдері қыс мезгілінде болады. Мәселен облыс орталығында 2022 жылы 22 қаңтардан 21 ақпанға дейін, 22 күн, ҚМЖ болған.
Оқи отырыңыз