KZ
Өскемен
-13°
туман жел 4 м/с, СШ
498.69 522.23 5.79

Жүзден астам көлік өртенді - ШҚО

12.01.2023, 17:26 206 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында былтыр жүзден астам көлік өртенген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Төтенше қызмет өкілдерінің айтуынша көліктерде көбіне электр сымдарының ақауынан өрт тұтанады. Сондай-ақ доңғалақ дискілеріндегі немесе автомобиль корпусындағы түрлі жарықтандыру құралдары да оқыс оқиғаға себеп болып жатады.

 Өрттің тағы себебі – адам факторы, дейді құтқарушылар.

«Адамдар өрт қауіпсіздігіне немқұрайлы қарайды. Машинаны қыздыру үшін түрлі құрал-жабдықтарды пайдаланады. Осының бәрі төтенше жағдай туындатады», - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД-ның баспасөз қызметі.

Жыл бастала сала өңірде үш көлік өрті тіркелді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу