Өскемен тұрғыны өртенген үйден үш баланы алып шықты

Аблакет ауданында Профсоюз көшесінде орналасқан жер үй өртенді.
Оқиға 12 қаңтар болған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Өрт сөндірушілер аталған мекенжайға жеткенше, көрші үйде тұратын Қайрат Шерепанов есімді азамат 2017, 2018 және 2020 жылы туған үш баланы сыртқа алып шыққан. Бұл уақытта балалардың анасы да үйден шығып үлеріпті.
«Өрт 30 шаршы метр аумақты шарпыған. Қызметкерлер жалынды өршітпей, дер кезінде сөндірді», - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Қайрат Шерепанов «Өскемен Водоканал» КМК-да слесарь болып жұмыс істейді.
Оқи отырыңыз