KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
442.05 474.14 4.74

Өскемен: жаңа трамвайлар қаншаға алынды?

13.01.2023, 11:44 552 Оразай Жеңісұлы

Өскемендегі жаңа трамвайлардың бағасы белгілі болды.

Вагондардың құны туралы ақпаратты көлік паркінің директоры Михаил Чайка айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өздеріңіз білетіндей, облыс орталығына Беларуссияда құрастырылған төрт жаңа вагон жеткізілді. Қоғамдық көліктер бірнеше күн қызметке «кірісіп те» кетті. Осылайша, рельсті көлікті жаңартудағы алғашқы қадам жасалды.

«Бір трамвайдың құны 202 983 000 теңге болды», - дейді Михаил Чайка.

Көлік компания басшысының айтуынша, парктегі 30 вагонның 16-сы ғана жүріп тұр. Көп вагонның тозығы жеткенін жасырмайды ол. Қоғамдық көліктердің бұлай ескіріп кетуіне бірнеше себеп бар көрінеді.

 «Біріншіден, трамвай паркі жекеменшікте болған кезде вагондар күтіп ұсталмаған. Екіншіден, бұл кәсіпорынды мемлекет субсидияламайды. Иә, біз субсидия ала алмаймыз. Өйткені мұны Әділет министрлігі бекітпейді, - деп түсіндірді «Өскемен көлік компаниясының» директоры Михаил Чайка.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив