Глубокое ауданынан жәрмеңке келеді
Облыс орталығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін шаруашылық өнімдернің жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Жәрмеңке 21 қаңтарда Глубокое ауданынан келеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Өтетін орны – Fresh-Market сауда-логистикалық орталығының аумағы.
«Қала тұрғындары арзан бағаға ет, балық, бал, сүт және нан-тоқаш өнімдерін ала алады», - деп мәлімдеді қала әкімдігі.
Жәрмеңкедегі тауарлардың ветеринариялық ілеспе құжаттары болады.