KZ
Өскемен
+23°
пасмурно жел 4 м/с, В
444.14 477.05 4.85

«Шығыс ақпарат» медиахолдингі серіктестерімен кездесу өткізді

Фото: Шығыс ақпарат

20.01.2023, 20:00 150 Мадина Амангелдіқызы

«Шығыс ақпарат» медиахолдингінің құрамына кіретін ақпараттық басылымдардың қызметкерлері әріптестері мен серіктестеріне арнап пресс-ланч ұйымдастырды.

Кездесу барысында холдингтің жаңартылған құрылымы таныстырылды, сондай-ақ шығармашылық жоспарларымен бөлісіп, өзара әңгіме-дүкен құрды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Шығыс ақпарат» ЖШС басқармасының төрағасы Асқар Құбайжанов газеттердің, интернет-ресурстардың артықшылықтары мен кәсіпорынның өндірістік мүмкіндіктері жайлы айтып берді. Ол жиналғандарды өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға шақырды.

Аймақтағы белді басылымдар - «Didar» және «Рудный Алтай» газеттерінің тарихы жайлы бас редакторлар Серік Әбілханов пен Ольга Шабалина баяндады. Айта кетсек, осы жылдың көктемінде «Рудный Алтай» газеті 105-жылдық мерейтойын атап өтеді.  

Сондай-ақ ШҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінің мүмкіндіктерімен оның басшысы Гүлнұр Дадетова таныстырды.

Кездесуде бірлесе атқаратын жұмыс перспективасы мен өзара тиімді ұсыныстардан бөлек өңірдегі аса өзекті тақырыптарды талқыланды. Мысалы, бұқаралық спорт және кәсіпкерлік, жобалық менеджментті енгізу, қызмет бабымен ел алдына шығып сөйлейтін мамандар үшін шешендік өнер курстарын ашу бойынша ұсыныстар айтылды.

  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив