KZ
Өскемен
-12°
туман жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Өскеменде зілзаладан зардап шеккендерге көмек жинайтын пункт ашылды

шартты сурет

9.02.2023, 16:23 443 Оразай Жеңісұлы

Облыс орталығында жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау пункті ашылды.

Гуманитарлық көмек әуелі елордаға, содан кейін Түркия мен Сирияға жөнелтіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Пункті Карбышев көшесі, 54 мекенжайында («Мирный» базарының жаны) орналасқан: 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

Ең қажет заттар:

ересектер мен балаларға арналған жылы киім;

көрпе-жастық;

шатырлар, термостар, шәйнектер, ыдыс-аяқтар;

тез бұзылмайтын өнімдер (жарма, консервілер);

дәрі-дәрмектер (міндетті түрде чекпен).

«Гуманитарлық көмек пунктін кеше ғана аштық. Бір келі жарма болсын, кез келген көмек маңызды! Сағат 18:00-ге дейін зат өткізіп үлгермеген жағдайда, еріктілерге жеке хабарласуға болады», - дейді еріктілер қозғалысының үйлестірушісі Татьяна Беркман.

Байланыс телефоны: +7 705-185-54-65

WhatsApp-чат құрды: 8-705-455-18-97 (Наталья), 8-705-135-95-58 (Сергей).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу