ШҚО: Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктер болжамына сәйкес, шығыста жауын-шашын болуы мүмкін, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Сонымен қатар, фронталды бөліктердің өтуімен 29 наурызда солтүстікте, күндіз орталықта, 29-30 наурызда шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), 30 наурызда күндіз қалың қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Республика бойынша тұман болып, жел күшейеді, - дейді синоптиктер.
30 наурызда еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы күндіз 5 градус аязға дейін төмендейді деп күтілуде.
Оқи отырыңыз