KZ
Өскемен
-18°
переменная облачность жел 1 м/с, С
501.49 525.71 5.77

Мемқызметшіні қосымша жұмысқа жеккендерге айыппұл салынады

31.03.2023, 13:32 172 Ләззат Қанатқызы

Елімізде мемлекеттік қызметшілер тарапынан шамадан тыс үстеме жұмыс бойынша жиі шағым түсетін көрінеді. Енді мемқызметшіні қосымша жұмысқа жеккендер әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ.

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Агенттік төрағасының орынбасары Айнұр Серғазиеваның айтуынша, қазір қызметшілерге арналған цифрлық куәліктер әзірленген. Ол арқылы жұмыскердің қай уақытта келгенін және қашан қызмет орнынан шыққанын білуге болады. Тиісінше бұл ақпараттар орталықтандырылған Кіруді бақылау және басқару жүйесіне (КББЖ) түседі.

- Біз барлығын бақылап отыратын боламыз. Құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда, біздің қызметкерлер бірінші басшыға хабарлама жібереді. Мұндай жағдай бірінші рет болса, ескерту жасаймыз. Ал қайталанса, онда әкімшілік жауапқа тарту, яғни айыппұл салу шаралары қарастырылуда, - деп тоқталды Дархан Жазықбаев Парламент Сенатының депутаттарымен өткен кездесуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу