Ертіске аққу қонды – Өскемен (ВИДЕО)
Шартты сурет
Өскеменді көктей ағып өтіп жатқан Ертістің айдынына аққу қонды. Бейнежазбаны желіге Аблакетка ауданының тұрғындары бөлісті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің биология кафедрасының профессоры Константин Прокоповтың айтуынша, бұл Қызыл кітапқа енген аққу.
«Киелі құс айдында көктем мен күз мезгілінде жиі ұшырасады. Кей-кейде қалада, Үлбі мен Ертістің бойында, қыстап қалады», - дейді маман.