"Аулаға келіп қонды" – Қызыл кітапқа енген құстарды кім атып жүр?
Өскемен тұрғыны өз ауласынан оқ тиіп жараланған тырнаны тауып алды. Анықталғандай бұл құс қызыл кітапқа енген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Жұмыстан келгенде үй ауласында жүрген үлкен құстарды байқап қалдым. Жақындасам үркіп ұшпайды. Бірі аяғынан жараланған екен олардың. Үйге әкеліп көрдік пневматикалық қарудың ізі секілді, – дейді 23-ықшамауданның тұрғындары Александр мен Наталья.
Олар дереу жан-жануар қорғаушыларына хабарласады.
– Жаралы құс сол жағалаудағы зообаққа жеткізілді. Ветеринар өз қарауына алды. Айта кетейік, бұл – қызыл кітапқа енген құс, – деді «Дворянин» жан-жануарларды қорғаушы қоғамдық бірлестігінің төриесі Лариса Прокопьева.