ШҚО-дағы ауылда жастар орталығы ашылды
Тарбағатай ауданының Жаңаауыл ауылында «Би аға» жастар орталығы ашылды.
Бұрымбет бидің ұрпағы Сабыржан Көжеков есімді азамат 100 адамға шақталған ғимаратты мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде салды,
Бұл нысанды жергілікті тұрғындар бес жыл күткен көрінеді. Салтанатты шараға аудан әкімі Дархан Жөргекбаев қатысып, құттықтау сөзін сөйлеп, құрылыс жұмыстарына атсалысып, белсенділік танытқан адамдарға ризашылығын білдірді.
Ал ауыл тұрғындары игі істің басы-қасында болған Сабыржан Көжековке алғыс айтты.
Іс-шараның соңы ауыл жастары ұйымдастырған концертке ұласты.
Оқи отырыңыз