ШҚО тұрғыны қайтарымсыз қаржыға музыка үйірмесін ашты

Шығыс Қазақстан облысындағы Тарбағатай ауданының тұрғыны қайтарымсыз қаржыға үйірме ашты.
Назерке Қабыкенова Ақжар ауылындағы Саз мектебінде және Мәдениет үйінде жұмыс істейді. Талапты маманның мемлекеттік қайтарымсыз грантқа ұсынған жобасы комиссия тарапынан мақұлданып, іс бастап кетті. Ол не десеңіз, музыка үйірмесі. Грант қаржысына домбыра, қобыз, виолончель секілді музыка аспаптарын алған. Алдағы уақытта басқа да музыка аспаптарымен толықтыра түспекші.
– Ауылда талантты жандар көп, бойындағы музыкалық қабілеті тылсым күштей жасырын жатқандары қаншама. Мәдениетіміздің бәсекеге қабілетті болуына атсалысуымыз керек. Үйірме ашудағы мақсатым да сол еді. Келешекте ансамбль құрсам, оркестр шығарсам деймін. Көпбалалы отбасылардың балаларына үйірмеге қатысу – тегін. Жалпы, жастардың бастамаларына демеу болатын қайтарымсыз грант секілді жобалардың тиімділігі көп, – дейді Назерке Қабыкенова.
Оқи отырыңыз