Зайсанда түбек қамыс өртке оранды
шартты сурет
Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында қалың қамыс пен құрғақ шөп қызыл жалынға оранды.
Өрт 45 гектар аумақты шарпыды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Төтенше жағдай 24 сәуірде Қарабұлақ ауылынан 15 шақырым жерде болған.
«Өрт тұтанған кезде жел тұрып, жағдайды ушықтырды. Оның үстіне, сазды-батпақты жерлер құтқарушылардың аяғына тұсау болды. Жергілікті атқарушы органдар мен департамент қызметкерлерінің біріккен күшімен өрт сөндірілді», деп мәлімдеді ШҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.