Қазақстанда такси жүргізушілері үшін ереже өзгереді

Фото: ашық дереккөз
Енді жүргізушілер жолаушылар тасымалдау үшін еңбек шартын жасауы керек.
Индустрия министрлігі дайындаған қаулыға сәйкес келісім жасасқан соң әкімдікке ескертуі керек. Кейін әкімдік такси жүргізушілерін бірыңғай тізімге енгізеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сонымен қатар жолаушы тасымалдау үшін көлігінде «Такси» деген жазу немесе арнайы белгісі болуы шарт. Көлікті техникалық бақылаудан өткізіп, өзі де медициналық тексерістен өтіп отыруы қажет.
Оқи отырыңыз