Автомат, тапанша, граната: ҰҚК тәркіленген қару-жарақтардың суретін жариялады
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанның бірнеше облысында тәркіленген қару-жарақтардың суреттерін жариялады.
2023 жылдың сәуір, мамыр айлары аралығында ҰҚК полициямен, сондай-ақ прокуратура органдарымен бірлесе отырып қарудың заңсыз айналымына, оның ішінде қаңтар оқиғасында ұрланған қаруларға қарсы бірқатар жедел-іздестіру шараларын жүргізгені хабарланды.
"Нәтижесінде 42 қару, (МП-40 автоматы, Драгунов снайперлік мылтығы, 22 мылтық, 18 тапанша) 8 граната, 2 РПГ снаряды, әртүрлі калибрлі 4 051 патрон, сонымен қатар оқ өтпейтін кеудешелер, радиостанциялар мен пышақтар", делінген хабарламада.
Аталған фактілер бойынша соталды тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Заңсыз айналымдағы қаруды іздеу және алу шаралары жалғасады.
Оқи отырыңыз