Қазақстандықтар шосседегі велоспорттан Азия чемпионатында алтын жүлде алды
![](/kz/uploads/posts/2023-06/1686123920.webp)
Фото: olympic.kz
Таиландтың Районг қаласында шосседегі велоспорттан Азия чемпионаты басталды.
Қазақстан командасы турнирде алғашқы медальға ие болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Спортшыларымыз «алтын» жеңіп алды. Қазақстандық велошабандоздар командалық жарыста (микст) бірінші болып келді. Ел намысын Рината Сұлтанова, Игорь Чжан, Евгений Федоров, Дмитрий Груздев, Махаббат Үмітжанова, Марина Кузьмина қорғады.
Оқи отырыңыз