Тағы екі елді мекенде өрт тұтануы мүмкін – ТЖМ
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Төтенше жағдайлар министрлігі Семей орманындағы алапат өртпен күрес жұмыстары бойынша соңғы мәліметті бөлісті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Бүгін тікұшақпен барлау нәтижесінде жағдайдың тұрақталғанын көрдік. Бірақ екі елді мекенде өрттің жаңа ошағы анықталды. Онымен күреске жеке құрам мен бүкіл техника жұмылдырылды. Сонымен қатар тікұшақпен су шашу жұмысы жүйелі түрде ұйымдастырылып жатыр», - дейді ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов.
ТЖМ өкілінің айтуынша, кешегі және алдыңғы күнге қарағанда жел күшейіп кеткен.
«Қатты желден баяу жанып жатқан өрт ошақтарынның қайта күшею қаупі бар. Бар күш жұмылдырылып жатыр, жағдай бақылауда», - дейді ТЖМ өкілі.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы 12 маусымды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.