KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
495.95 524.37 4.98

ТЖМ-нің бұрынғы басшысына қатысты тексеру жүргізіледі

Фото: gov.kz

13.06.2023, 15:31 149 Ләззат Қанатқызы

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің бұрынғы басшысы Юрий Ильинге қатысты тексеру жүргізілетін болды.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов үкімет кулуарында Абай облысындағы өртке қатысты тергеу қалай жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

- Тергеу жүріп жатыр, әдейі өрт қою нұсқасы бар. Істі арнайы прокурорлар қарайды. Бұл топта Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері бар. Әдейі өрт қою, немқұрайдылық, найзағай түсу нұсқалары бар. Сараптамалық және іздестіру шаралары жүргізіледі. Тергеуге екі ай уақыт берілді, – деп жауап берді Марат Ахметжанов.

Сондай-ақ БАҚ өкілдері министрден "Төтенше жағдайлар министрлігінің бұрынғы басшысы Юрий Ильинге қатысты жеке іс немесе тексеру жүргізіліп жатқан жоқ па?" деп сұрады.

- Президент Бас прокурорға тапсырма берді, соның аясында тексеру жүргізіледі. Өрт фактісінің өзі – төтенше жағдай, адамдар қайтыс болды, сондықтан қылмыстық іс аясында тексеру болады. Неге дер кезінде шара қолданбаған, немқұрайдылық болуы мүмкін. Қызметтік міндеттерін орындамау, – деді ол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу