KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
495.95 524.37 4.98

Шығыстан тағы да гуманитарлық көмек жөнелтілді

Сурет: Шығыс Ақпарат

13.06.2023, 17:32 307 Оразай Жеңісұлы

AMANAT партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалынан өрттен зардап шеккен Абай облысының халқына гуманитарлық көмек жөнелтілді.

Облыс тарапы көрші өңірге осымен үшінші мәрте көмек көрсетіп отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Қажет заттардың тізімі бізге Абай облысынан жолданады. Яғни тізім үнемі өзгеріп отырады. Бұған дейін азық-түлік көбірек жөнелтілсе, бұл жолы дәрі-дәрмек пен респираторлық маска көп жиналды. Сондай-ақ электрлі шәйнек пен фонарь қажет екені айтылды. Құтқарушыларға киім-кешек те салынды, – дейді AMANAT партиясы жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ ШҚОФ төрағасы Қорлан Туғамбаева.

Көмекке AMANAT партиясының депутаттарынан бөлек Халифа Алтай атындағы мешіт пен облыс әкімдігі атсалысқанын айта кеткен жөн. Жүкті жинақтап, көлікке тиеуді белсенді жастар мен еріктілер мойнына алған.

Жалпы, бұл жолы Абай облысының халқына бес тоннаға жуық көмек жөнелтілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу