ШҚО: Әскери тәртіпті нығайтуға бағытталған акциялар ұйымдастырылуда
Әскери ұжымдарда әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған «Әкімшілік құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік», «Мас жүргізуші – қылмыскер» акциялары ұйымдастырылды.
Акция барысында жас сарбаздар спирттік ішімдіктерді тұтынудың зиянды салдарымен, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде көлік құралдарын басқару жолымен, ЖКО орындарымен байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол берген әскери қызметшілер, әкімшілік соттардың әскери қызметшілерді әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулылармен танысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Айта кету керек, аталған шаралар «Өмірді сақта» бағдарламасын және ҚР құқық бұзушылықтың алдын алудың 2020-2024 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру мақсатында ұйымдастырылған.