KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
499.11 521.12 5.58

Риддер: Биыл екі пәтерлі 10 үй пайдалануға беріледі

Фото: egemen.kz

5.07.2023, 12:12 329 Ләззат Қанатқызы

Риддер қаласында тұрғын үйге кезек өте жоғары. Қазірдің өзінде мемлекеттік тұрғын үй қорына кезекте 1565 адам тұр. Атап айтқанда, жетімдер – 537 адам, көпбалалы отбасылар – 58, халықтың әлеуметтік осал топтары – 544 адам.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде Риддер қаласы әкімінің міндетін атқарушы Дархан Қосантаев айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– 2023-2024 жылдары «Казцинк» ЖШС кәсіпорнының қаражаты есебінен 5 қабатты тұрғын үй салу жоспарланған. Биыл "Бірқабатты Шығыс" бағдарламасы аясында жалпы ауданы 1700 м2 болатын екі пәтерлі 10 үй салуға оффтейк-келісімшарт жасалды, –- дейді Дархан Қосантаев.

Ол үйлерді көпбалалы отбасыларға қазан айында табыстау жоспарланып отыр. Осылайша, тізімдегі 58 отбасының 20-сы баспаналы болады. Десе де, бұл аталған мәселені толықтай шешпейтіні белгілі.

– Қалаға мемлекеттік тұрғын үй құрылысы қажет. Кезекте тұрғандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету шеңберінде 6 шағын ауданда бес қабатты тұрғын үй және 5 шағын ауданда екі тоғыз қабатты тұрғын үй салуға ЖСҚ әзірленді. Республикалық бюджеттен 3,7 млрд теңгеге жобаларды қаржыландыру қажет, – дейді қала әкімінің міндетін атқарушы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу