ШҚО-да «Анама хат» челленджі өтіп жатыр (видео)

Фото: Жасанды интеллект
Шығыс Қазақстан облысында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Анама хат – Письмо маме» атты онлайн челлендж ұйымдастырылды. 24 ақпанда басталған іс-шара 4 наурызға дейін жалғасады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Челлендждің негізгі мақсаты – аналардың рөлін дәріптеп, отбасылық құндылықтарды нығайту және ұрпақтар арасындағы байланысты күшейту. Оған кез келген азамат қатыса алады. Ол үшін анаға арнап хат жазып немесе бейнеролик түсіріп, әлеуметтік желіде #Анамахат_ШҚО хештегімен жариялау қажет.
Бұл бастамаға облыстың түкпір-түкпірінен тұрғындар белсенді түрде атсалысып жатыр. Шемонаиха, Өскемен, Семей, Риддер қалалары мен аудандардың жастары жүрекжарды хаттарын жолдады. Сондай-ақ челленджге қаламыздың әскери борышын өтеп жүрген жастары да қатысып, аналарға деген сағынышы мен алғысын білдірді.