KZ
Өскемен
-17°
туман жел 2 м/с, СШ
499.11 521.12 5.58

Қазақстандық IT-өнім Кремний алқабындағы стартаптардың ондығына кірді

Pexels.com

Бүгін, 12:00 100 Төлеуғазы Жансая

TrustMe финтех-стартапы халықаралық нарықтағы ауқымын кеңейтуде. Үкімет отырысында стартап басшысы Шыңғыс Дәулетбаевтың айтуынша, компания АҚШ-тың Кремний алқабындағы Hero Training бағдарламасы бойынша ең үздік 10 инновациялық стартаптың қатарына енді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Үкіметке сілтеме жасап.

TrustMe цифрлық ортадағы сенімді нығайтып, мемлекеттік органдар, бизнес және азаматтар арасындағы өзара іс-қимылдың ашықтығын арттыруға бағытталған. Жүйе келісімшарттарды жылдам жасауға мүмкіндік беріп, құжаттардың қауіпсіздігін блокчейн арқылы қамтамасыз етеді.  

– Үш жыл ішінде платформаны Қазақстанда 2 мыңнан астам, Өзбекстанда 200 компания қолданды. 1 млн-нан астам келісімшартқа қол қойылды, ал пайдаланушылар саны 850 мыңнан асты. Стартап Ресей, Түркия, АҚШ және Парсы шығанағы елдеріне шығуды жоспарлап отыр,- делінген Үкімет хабарламасында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу