KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность жел 5 м/с, ОБ
492.22 529.38 5.03

Елімізде баспана арзандап келеді

Фото: tengrinews.kz

9.08.2023, 23:17 159 Оразай Жеңісұлы

Бірінші кредиттік бюро шілде айында баспана нарығында бағалар қалай өзгергенін мәлім етті, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Ақпаратқа сүйенсек, екінші нарықта үй бағасы арзандап келеді. Өткен айдағы көрсеткішке қарағанда, бір шаршы метрдің құны 1,7 пайызға төмендеп, 494,4 мың теңгені құрады.

Кейінгі 5 айдың төртеуінде баға түсіп жатыр (мамырда өзгерген жоқ). Атап айтқанда, осындай жағдай 2015 жылдан бері алғаш байқалып отыр.

«Жалпы, көрсеткіштің динамикасына негізгі үлесті 5 ірі қала қосты. Астанада екінші нарықтағы үйлердің бағасы едәуір төмендеп жатыр (-3,4%). Сонымен қатар Алматы (-1,5%), Көкшетау (-1,3%) және Қостанай (-1%) қалаларында да едәуір түсті. Ал Өскеменде бұл көрсеткіш (-0,5%) айтарлықтай жоғары емес», - делінген бюро мәліметінде.

Жалпы, жыл басынан қайта сатылымға түскен баспана 3,7 пайызға, бір жылда 0,7 пайызға арзандады.

Сонымен қатар жаңа баспана құны да түскен. Дегенмен, соншалықты көп емес – 0,1%. Қазір шаршы метрі 486,2 мың теңге шамасында.

Баспананың арзандауы 4 ірі қалада байқалды, яғни Павлодар (-2,2%), Қостанай (-1,7%), Алматы (-0,6%) және Көкшетау (-0,9%) қалаларын атап өтуге болады.

Бұдан бөлек, баспананы жалға алу құны өскен. Шілдеде жалға алынған үйдегі шаршы метрдің құны 4,7 мың теңгені құрады, бұл өткен айдың деңгейінен 1,9 пайызға жоғары.

Жалға алу құны ең көп Қарағандыда өсті – 3,9%. Одан кейінгі орында Алматы – 3,1%. Бағаның көтерілуі Петропавлда (0,6%) және Шымкентте (0,1%) да байқалды. Қалған қалаларда, оның ішінде Астанада баға өзгерген жоқ.

Жыл басынан бері жалға алу ақысы 1,5 пайызға түскен. Алайда бір жыл қорытындысы бойынша оның құны 28,6 пайызға өсті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив