Жалдамалы пәтер, базар... ШҚО-да тәртіп сақшылары тексеру жүргізеді
Фото:gov.kz
Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері қандай да бір құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатымен және тұрғындарымен тығыз қарым-қатынас орнату үшін «Учаске» деп аталатын жедел іс-шара жүргізіп жатыр.
Тәртіп сақшылары есепте тұрған және бұған дейін талап бұзған азаматтарды тексеру үшін үй-үйді аралайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жалдамалы пәтерлер, базарлар және басқа да сауда орындары сақшылардың назарынан тыс қалмайды. Әртүрлі қоғамдық орындар тексеріледі.
Іс-шара 30 қыркүйекке дейін жалғасады.
Оқи отырыңыз