ШҚО-да полиция қызметкерін соққыға жыққан тұрғын сотталды
Фото: gov.kz
Шығыс Қазақстан облысында полиция подполковнигін соққыға жыққан ауыл тұрғыны сотталды.
Оқиға Самар ауданында болған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
11 шілде күні полицияға ауылдардың бірінде адам қайтыс болғаны туралы хабар түскен. Полиция подполковнигі К. көрсетілген мекенжайға барғанда, қайтыс болған тұрғынның ұлы қызметкерлерге агрессия танытып, подполковникке жұдырық жұмсаған.
Күршім аудандық соты ер адамды Қылмыстық кодекстің 380-бабының 3-бөлігі (билік өкіліне қатысты өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану) бойынша айыпты деп танып, оны екі жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.