KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность жел 10 м/с, В
495.95 535.28 5.54

Шығысқазақстандық әскерилер Семейде өтетін оқу-жаттығуға аттанды

Фото: Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі

28.08.2023, 15:30 199 Ләззат Қанатқызы

Өскемен гарнизонына қарасты 27943 әскери бөлімінің бірнеше бөлімше жеке құрамы мен арнайы техникалары Абай облысында өтетін «Шығыс-2023» ауқымды оқу-жаттығуына аттанды.

«Шығыс-2023» жедел-тактикалық командалық  оқу-жаттығуы қыркүйек айының басында Семей қаласының маңында орналасқан «Шығыс» әскери полигонында өтеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жаттығу жоспарына сәйкес, жедел-тактикалық командалық оқу-жаттығуына Өскемен гарнизонының мотоатқыштар құрамаларының жеке құрамы дабыл бойынша көтеріліп, темір жол торабы арқылы аттанды. 27943 әскери бөлімінен 300-ден астам әскери қызметші, 50-ге жуық техника қатысады.

Бірнеше кезеңнен тұратын аталмыш оқу-жаттығуда Өскемендік әскерилер шынайы ұрыс түріне жақындатылған арнайы тапсырмаларды орындап, БМП-2, арнайы техникамен және қару-жарақтардан атыс жаттығуларын орындайтын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу