KZ
Өскемен
-2°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
492.22 529.38 5.03

Тауарларды бақылаудың ұлттық жүйесіне тіркелмегендерге субсидия берілмеу мүмкін

Фото: ҚР сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі

11.09.2023, 11:53 200

Сауда объектілері қызметінің ашықтығы үшін Smart QR пилоттық жобасы іске қосылған болатын. Қазіргі таңда аталған жүйеге сауда қызметінің 947 субъектісі қосылған, оның ішінде 21 - сауда нарықтары да бар. Smart QR арқасында тұтынушылар нарық және жалға алушылар туралы барлық ақпаратқа қол жеткізе алады, ӘМАТ бағасымен танысып, шағым беру мүмкіндігі де қарастырылған.

Цифрлық үкімет кеңсесінде ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиевке Е-КТРМ, "Тауарларды бақылаудың ұлттық жүйесі" (ТБҰЖ) және Smart QR ақпараттық жүйелерінің жұмыстары көрсетілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ҚР сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.
Е-КТРМ- бұл "Техникалық реттеу туралы" ҚР Заңына сәйкес әзірленген және техникалық реттеу тізілімдерінде, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінде, ұлттық стандарттау жүйесінде және бірыңғай тізілімдерде, ЕАЭО сәйкестігін бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттарда қамтылған мәліметтерді сақтауға, өңдеуге, іздеуге және беруге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе.
Қазіргі уақытта Е-КТРМ ақпараттық жүйесі өндірістік пайдалануға енгізілді және барлық модульдерді кезең-кезеңімен іске қосу жоспарланған.
Арман Шакқалиев сауда мен техникалық реттеудегі цифрлық форматтар өнімділіктің өсуі, қателер санын азайту, шығыстар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту есебінен жұмыстың жылдамдығы мен тиімділігін едәуір арттыратынын атап өтті. Сондықтан цифрландыру нақты көрсеткіштер мен нәтижелерде жүргізіліп, өлшенуі керек. Мысалы, аккредиттеу саласында dream to be моделі перспективада субъектілер мен персонал арасындағы бағалау бойынша байланыстарды 330-дан 3-ке дейін, құжаттарды қарау мерзімдерін кемінде 30% - ға және бағалау процесінде жасалатын құжаттарды 101-ден 31-ге дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Бұдан әрі Арман Шакқалиевке пилоттық режимде жұмыс істейтін және ӘМАТ бағасын тұрақтандыру бойынша тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесі (ТҚҰЖ) көрсетілді.
Бүгінгі таңда пилоттық жоба әлеуметтік маңызы бар өнімдер тізімінде 9 позиция бойынша (ұн, картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат, тауық жұмыртқасы, күріш, күнбағыс майы және май) жұмыс істейді.
- Біздің бірінші міндетіміз – өңірлер бөлінісінде қажетті азық-түлік қорының нақты көлемі қандай екенін түсіну. Бөлшек сауда желілерімен интеграцияның арқасында ірі дүкендерден бастап "үйдің жанындағы" шағын дүкендерге дейін біз түпкілікті тұтынушыға сату кезінде бағаны және ӘМАТ-қа шекті үстемеақыны қадағалайтын боламыз, - деп түсіндірді ақпараттық жүйе жобасының жетекшісі Алмат Исмаилов.
Жоба жетекшісі электрондық деректер базасын құруға белсенді қатысатын өңірлерді атап өтті. Бұл тізімде Астана, Шымкент қалалары мен Ақмола облысы бар. Ең төмен белсенділікті БҚО, СҚО және Ұлытау облысы көрсетіп отыр.
Кездесуді қорытындылай келе, Арман Шакқалиев осы маусымаралық кезеңде нарықтың барлық қатысушылары (ӘКК, АШТӨ, сатумен айналысатын сауда субъектілері) деректерді цифрландырып, жүйеге кірулері тиіс екенін айтты.
- Қарсы міндеттемелер тұрғысынан АШМ желісі бойынша субсидиялар алу үшін осы жүйеге тіркелу талабы міндеттелуі тиіс. Жүйеде жұмыс істемейтіндер субсидия алмайды, - деді министр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив