ШҚО-да жергілікті әскери басқару органдарының күнін атап өтті
Фото: Өскемен гранизонының баспасөз қызметі
Қорғаныс министрлігінің бұйрығына сәйкес 12 қыркүйек - жергілікті әскери басқару органдарының күні болып бекітілді. Осы атаулы датаға орайШҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде салтанатты шара өтті.
Жергілікті әскери басқару органдарының бөлімшелері әскерлер мен әскери оқу орындарын жасақтау, әскери оқытылған резервті есепке алуды жүргізу және даярлауды ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді орындайды. Қазақстандықтар арасында әскери-патриоттық жұмыс жүргізеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Салтанатты шараға аймақ басшысы Ермек Қөшербаев та қатысқан. Ол әскери қызметшілерді атаулы күнмен құттықтап, отанды қорғау жолында іске асырып жатқан еңбектеріне табыс тіледі.
Бұдан бөлек, Ермек Беделбайұлы департаментте жүргізіліп жатқан әскерге шақыру жұмыстарының барысымен танысып, өзінің оң бағасын берді.
Сондай-ақ әскерге шақырылғандар арасында идеологиялық жұмыстың, атап айтқанда, азаматтардың бойында қазақстандық патриотизм мен жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жұмысын жалғастыруды тапсырды.