Еліміздегі жекеменшік жылу электр орталықтарында жағдай сын көтермейді
Фото: inbusiness.kz
Прокуратура органдары еліміздегі 11 жекеменшік ЖЭО-да жылу-энергетика және табиғи монополиялар саласындағы заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді.
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысында 11 жекеменшік жылу электр орталығы қызметін тексеру қорытындысы қаралды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Тексеру барысында кейбір нысанда жүйелі кемшіліктер мен заң бұзушылықтар анықталды. Әр станцияда қондырғылардың әбден тозығы шыққан, бұл жылу беру маусымында апаттарға әкелуі мүмкін.
- Талқылау қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға станцияларда күрделі жөндеу мен модернизациялауды қамтамасыз ету бойынша меншік иелерімен жұмыс жасау тапсырылды. Үкімет басшысы 2023-2024 жылдарға арналған нақты жұмыс кестесін белгілеп, оның орындалуын бақылауды талап етті. Міндеттемелер бұзылған жағдайда станцияларды мемлекет меншігіне қайтару шаралары қабылданатын болады, – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз
Жоғары білім мекемелерін мемлекетке қайтару талқыландыЭнергетика вице-министрі Риддер ЖЭО туралы айттыӨскемендегі Согра кентінде жылу беру тоқтатылмайдыЭнергия объектілері иелерінің жауапкершілігін күшейту қажет – Әлихан СмайыловЖылыту маусымына дайындық жақсармаса, жауаптыларға қатысты шешім қабылданады