Риддер ЖЭО-ның жаңа иесі нысанның қарызын өз қалтасынан төлейді
Риддердегі жылу электр орталығының жаңа иесі нысанның 5,5 млрд теңге қарызын өз қалтасынан төлейтін болды.
Бұл туралы Энергетика министрлігінің кеңесшісі Шыңғыс Ілиясов мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
– Жылу электр орталығының жаңа иесі Әміржан Нәбиев бүкіл қарызды өз есебенінен жабуға уәде берді. Бүгінгі таңда оның көлемі 5,5 млрд теңге, – дейді Шығыс Ілиясов.
Министрлік ұсынған дерек бойынша, Әміржан Нәбиев Риддердегі проблемалы жылу электр орталығына 1 маусымнан бері 100 пайыз иелік етеді.
Оқи отырыңыз