ШҚО-да 76 адам ата-ана құқығынан айырылды
Фото: kaz.zakon.kz
Биыл облыс бойынша183 кәмелетке толмаған жасөспірім мен 298 «тұрақсыз отбасы» құқық қорғау органдарының есебіне алынған.
Сондай-ақ бала тәрбиесі бойынша талаптарды орындамаған 76 заңды өкіл ата-ана құқығынан айырылған. Бұл туралы ШҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Әділжан Хамитов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сонымен қатар төрт мыңға жуық кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Полиция подполковнигінің айтуынша, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық сипаттағы жыныстық қылмыстардың алдын алу, тиісті бірлескен іс-шаралар жоспары да әзірленген көрінеді.