Шығысқазақстандық жастар тарихи ескерткіштің маңын қоқыстан тазартты
Шығысқазақстандық жастар табиғи және тарихи ескерткіштерді сақтау үшін республикалық акцияға өз үлестерін қосты.
Облыстық "АМАNАТ" партиясының “Жастар рухы” Жастар қанатының белсенділері бүгінеліміздің тарихи, мәдени және табиғи мұрасын вандализмнен сақтау мақсатындаАқ бауыр ескерткішіне барды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Вандализмге жол жоқ! Осындай ұранмен партиясының «Жастар рухы» Жастар қанатының мүшелері республикалық ауқымды акция бастады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың екінші отырысындағы ел дамуына қатысты ой-толғамында атап өткендей, ел мен жерге деген жанашырлық – «Адал азамат» тұлғасының ең асыл қасиеттерінің бірі.
Алайда, соңғы кезде вандализм, әсіресе қорықтар, табиғи саябақтар мен киелі орындарда орын алған келеңсіз оқиғалар туралы хабарламалар жиілеп кетті.
Сондықтан туған өлкенің тарихи мұрасы мен табиғи байлығына жауапкершілікпен қарай отырып, тарихи ескерткіштерді сақтау мәселесіне қоғамның назарын аудару мақсатында «Жастар рухы» Жастар қанаты ұлттық қазынаны қорғауға арналған акцияны бастады. Атап айтқанда, белсенділер еліміз бойынша ескерткіштерді, онымен іргелес аумақты тазартып, ретке келтіреді.
Онымен қоса, туған өлкенің тарихын, дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымызды зерттеп, жақынырақ таныса алады.
Мәселен, бүгін ШҚО жастары өңірдегі киелі жерлерінің бірі Ақ бауыр археологиялық ескерткішінің маңын қоқыстан тазартты.
Бүгінде мұнда археологтар қазба жұмыстары жүргізіп жатыр. Дәл осы жерде ежелгі адамдар жартастардың, үңгірлердің және гроттардың қабырғаларына сурет салып қалдырған ежелгі петроглифтер шоғырланған. Дәл осы суреттерді ғалымдар бүгінде қола дәуіріндегі адамдардың діни көзқарастары мен тұрмыс-тіршілігін зерттеуге қолданады.
Сонымен қатар, археологтардың зерттеуі бойынша, ежелгі уақытта Ақ бауыр аумағы осы жерді қоныстанушылардың ғибадат ету рәсімдері өткен қасиетті орын болып саналған.
Алайда, ашық аспан астындағы ескерткіштің санитарлық жағдайы мәз емес. Қасиетті жерге келген туристер артынан қоқысты үйіп кететін көрінеді.
Республикалық акцияға қатысушылардың айтуынша, бұл акция – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі ғана емес, жастардың халық игілігін қорғауға қосқан үлесі.
Болашақ ұрпақ үшін табиғатты сақтау - "AMANAT"сайлауалды бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі. Өткен жылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «AMANAT» партиясының XXII Съезінде «ТазаLike» экологиялық тәрбие жобасы басталған еді. Жастар қанатының белсенділері мен жақтастары жоба аясында ел аумағы бойынша мыңға жуық экологиялық акция өткізіп, оған 80 мыңнан астам адам қатысты.