KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 4,5 м/с, ОШ
488.91 532.62 5

Қазақстанда жанармай тапшылығынан ұшақтар ұшпай қалуы мүмкін бе?

29.10.2023, 12:24 140 Оразай Жеңісұлы

Қазақстанда жанармай тапшылығына байланысты ұшақтар тоқтап қалу мүмкін бе? Бұл сұраққа Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жауап берді.

"Кейбір мәліметтерге қарағанда, Қазақстанда әуежанармай тапшылығы бар, ол Қытайдан импорттау арқылы шешіліп отыр. Шынымен тапшылық бар ма және 2 жыл бұрынғыдай Қазақстанда ұшақтар тоқтап қалуы мүмкін бе?" - деген сауал қойылған министрге.

Сәтқалиевтің айтуынша, Қазақстанда әуежанармай мен керосиннің белгілі бір маусымдық тапшылығы байқалады.

"Қазақстан бұл отынды көршілес елдерден импорттайды, атап айтқанда, Ресейден көбірек көлемде импортталды. Бізде ішкі нарықта шамамен 300 мың тонна тапшылық бар, бірақ бұл маусымдық тапшылық", - деді ол.

Қытайдан әуекеросин импорттау жөніндегі келіссөздердің нәтижесі әзірге белгісіз.

"Қытайға келетін болсақ, менің түсінігімше, әуекомпаниялардың бірі жеткізуді жүзеге асыруға ниетті екенін білдірді. Қазір бұл келіссөздер аяқталды ма, жоқ па, мұндай ақпарат жоқ.

Отандық әуетасымалдаушыларды авиациялық отынмен қамтамасыз етуде ешқандай қауіп көріп тұрған жоқпыз", - деп түйіндеді сөзін Сәтқалиев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив