KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, В
488.11 530.09 5.01

Елімізде халық саны 20 миллионға жуықтады

Фото: azh.kz

13.11.2023, 11:51 191 Ләззат Қанатқызы

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша, елімізде халық саны 20 миллионға жуықтады.

Оның ішінде, 12 миллионнан астамы – қалада, ал 7,5 миллион тұрғын ауылда тұрады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

2023 жылы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, халық саны 19 млн. 900 мың адамнан асты.

- Ағымдағы жылдың басында елімізде 19 млн. 800 мың адам болған. Жылдық өсім 1,35% құрады. Халық саны бойынша, әдеттегідей, Алматы қаласы (2,2 миллион адам), Түркістан (2,1 миллион адам) және Алматы облысы (1,5 миллион адам) көш бастап тұр. Ал, ең аз тұрғын Ұлытау (221,5 мың), Солтүстік Қазақстан (531,7 мың) және Абай облыстарында (608,9 мың) тіркелді. Сондай-ақ олтүстік Қазақстан, Абай, Жетісу, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында халық санының азаюы байқалады, - деп жазды Finprom.kz талдау порталы.

Елімізде халықтың 35,5% — ы, яғни шамамен 7 миллион адам 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер. 29 жасқа дейінгі жастар елімізде 2,7 миллион адамды құрады. Ал, 60 пен 69 жас аралығындағы халық саны 1,6 миллион, 70 пен 79 жас аралығында 681,6 мың, 80 жастан асқан 317,3 мың адам бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив