ШҚО-да "AMANAT" партиясы мәслихат депутаттарының I форумы басталды
Шығыс Қазақстан облысы бойынша AMANAT партиясының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының l форумы жұмысын бастады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде AMANAT партиясы қоғамды жаңғыртуға үлес қосып келе жатқанын атап өтті. Өз кезегінде партия Президент тапсырмалары мен сайлауалды бағдарламасында көрсетілген мақсаттарды жүйелі түрде орындап келеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Осы ретте біздің өңір үшін бірқатар маңызды шешімдер қабылданғанын айтуымыз керек. Бұл жөнінде облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Баяхметов айтып өтті.
- Мәселен, Марқакөл мен Катонқарағайға аудан мәртебесі қайта берілді. Бұл шекаралық аудандардың нығаюына мүмкіндік беретін, халықтың үдере көшуіне тосқауыл болатын маңызды саяси шешім. Сондай-ақ биыл ел тарихында тұңғыш рет аудан әкімдерін халық сайлады. Глубокое және Алтай ауданында осындай сайлау өткені белгілі. Бұл да маңызды саяси реформалардың бір бөлігі, - деді өңір басшысының орынбасары.
Оқи отырыңыз